Қазан айының 31күні “Әлем” балалар мен жасөспірімдер орталығында “Күз Ханшайымы-2019” атты қыздар арасында конкурс өтті. Оған 1-6 сынып аралығындағы үйірме тәрбиеленушілері қатысты. Қыздарымыз өте белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, сынға түсті. Қолдан жасалған күзгі сәнді көйлектерін көрсетіп, ерекше әсер қалдырды. Қыздарымыз 1 орын мен Гран-При мен мараппатталды. Гран-При жүлдегері “Көңілді-ноталар” ән үйірмесінің тәрбиеленушісі Олжас Шұғыла атанды.