«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында көктемнің алғашқы күндерінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған, абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Көктем шуағы» атты фото көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрмеде орталықта жұмыс істейтін әйелдер қауымының және орталықтың үйірмелерінде тәрбиеленіп жүрген балалардың өз аналарымен, әжелерімен түскен суреттері көпшіліктің назарына ұсынылды. Қызғалдақ әсем гүлдердей құлпырған ханымдардың бейнесінің жиынтығынан жасалған көрме көктемгі шуақты күндей арайланып, өте тартымды болды.
Құрметті аяулы аналар, ару қыздар! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Сіздерге зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!
Халық шығармашылығы және мемлекетті тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ибраева А.С.