Мемлекеттік  рәміздер – біздің мақтанышымыз

2016 жылдың 15 желтоқсанында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығы» МКҚК  мәдени-бұқаралық іс-шаралар бөлімі Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайында    «Жас Ұлан»  ББЖО  отрядының  7 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының  25 жылдығына  арналған мемлекеттік  нысандары  мен  рәміздерін  танып білуге бағытталған зияткерлік ойын өткізді.  Бұл зияткерлік ойынға қаланың әр мектебінен 5 оқушыдан құрылған 1 команда  қатысты. Қала бойынша барлығы  90 оқушы белсене ат салысты.

Бұл зияткерлік ойынның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының нысандары мен рәміздерінің  тарихымен таныстырып, зерттеушілік  қызметке   қызығушылық таныту болып табылады.

 

Мемлекеттік рәміздер- еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң  2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі  басты  парызы  болып  табылатыны  насихатталды.

Елін, жерін сүйген әрбір азамат мемлекетінің әнұранын жатқа біліп, туы мен елтаңбасында не бейнеленгендігін, ондағы белгілердің мәні мен мазмұнын жақсы білулері тиіс. Ту, елтаңба, әнұран ата-бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің басты белгілері. Халқымыздың рухын айшықтайтын құндылықтары екенін біздің оқушылар жан – жақты түсінді.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына  арналған мемлекеттік  нысандары  мен  рәміздерін  танып білуге бағытталған зияткерлік ойын шарты үш кезеңнен тұрды.

Бірінші  тапсырма «Отан туралы тақпақ» байқауы болса,  екіншісі  «Рәміздер мен нысандар тарихы» – рәміздер салынған плакатты қорғау. Ал үшіншісінде Қазақстан Республикасының нысандары мен рәміздері бойынша сұрақтар болды. Бұл   зияткерлік ойынға  қазылар алқасы болып  тағайындалған   «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының «Эдельвейс» спорттық-би клубының жетекшісі Осипова Оксана Александровна, «Керемет» әдеби студиясының жетекшісі Мамитова Баян Кенжебаевна, «Ультрамарин» дизайн студиясының жетекшісі  Мусалиева Анастасия Нурлановна.

Байқаудың қорытындысында «Әйелдер гимназиясы» КММ – нен келген команда  І  орын,  «№5 ҚОМ» КММ мен «№20 Мектеп – лицей» КММ – нің оқушылары  ІІ орын,  ал « №1 қалалық гимназия» КММ , «№1 ЖББОМ» КММ – нің оқушылары ІІІ орынды иеленді. Байқауға қатысқан барлық топтар және оқушыларды дайындаған мұғалімдер «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер:                Кунтуган К.