«Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Менің елім-Мәңгілік ел» атты патриоттық ән-би байқауы болып өтті. Байқауды «Теміртау қалалық білім беру бөлімі»ММ мен «Әлем» БЖО» МКҚК бірлесіп ұйымдастырды. Отансүйгіштікке, патриоттыққа, эстетикалық тәрбие беруге мақсатталған байқауға қаламыздың және Ақтау кентінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Байқау барысында қазақ және орыс тілдерінде патриоттық әндер шырқалып, Қазақстан Республикасының халықтар билері орындалды.
Оқушылардың өнерлерін арнайы шақырылған әділқазылар алқасы таразылады.
Атап айтсақ, Теміртау қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Жумажанова Жазира Амангельдиевна, «Мирас» вокалды-аспапты ансамблінің жетекшісі Шаймерденова Құралай Жүнісовна, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің хореографы Булавка Светлана Георгиевна, «Миркл» эстрадалық ән театрының жетекшісі Коробкина Светлана Владимировна, «Мирас» вокалды-аспаптық ансамблінің педагогі Кайрашова Рая Сейдахметовна.
Қорытындысында «Бас жүлдені» №17 ЖББОМ бишілер тобы иеленсе, І орынды №4 ЖББОМ оқушысы Омарова Балнұр және Ақтау кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының вокал тобы және №5 ҚОМ оқушысы Еркабулова Асель қанжығаларына байлады. ІІ орын №19 ЖББОМ Ширинских Анастасияға, №16 ЖББОМ Нуртаева Асельге, №4 ЖББОМ бишілер тобына, №29 ЖББОМ «Шұғыла» би тобына, №2 ЖББОМ бишілер тобына, ІІІ орын №1 ЖББОМ «Марионетки» би тобына, №1 ЖББОМ Чепурко Инна, №2 ЖББОМ Асылбай Келгенбекке бұйырды.
Оқушыларды байқауға дайындаған мұғалімдердің де еңбектері еленіп, Теміртау қаласы білім беру бөлімінің мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Халық шығармашылығы және мемлекетті тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Бельгибаева Ботагөз Толеубаевна