6 маусым күні Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің сауықтыру алаңдарында демалып жатқан балаларға арналған «Менің қаламда жаз көңілді» ән кеші өтті. Кеш барысында орталықтың шығармашылық ұжымдары өздерінің үздік ән-билерін көрермендерге сыйлады. Атап айтсақ, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамбілі (Ложкина И.С. Булавка С.Г.), «Миркл» эстрадалық ән театры (Коробкина С.В. Шактаева М.А.), «Бэби Шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясы (Помазай О.В.), «Мирас» вокалды аспапты ансамбілі (Шаймерденова К.Ж. Әбдірахман Қ.Б. Кайрашова Р.С.), «Эдельвейс» спорттық би клубы (Осипова О.А.). Өнерпаздар жиналған жұртшылықтың жүрек қылын шертер әсем би, күй, әндерін тамылжыта шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна