«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 19 мамыр күні, «Мирас» вокалдық-аспаптық ансамблі (жет. Шаймерденова Қ.Ж.) және «Балдәурен» вокал тобы (жет.Хусаинова А.Х.) есеп беру шығармашылық концертін жоғары деңгейде өткізді. Әуезді әнмен әуелеген мерейлі концерте үйірмелердің қазіргі таңдағы тәрбиеленушілерімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылып онымен қатар арнайы шақырылған қонақтар мен түлектер өз жылы лебіздері мен игі тілектерін білдіріп, ән шашуларын жолдады. Тәрбиеленушілер жиналған жұртшылықтың жүрек қылын шертер әсем әндерін тамылжыта шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Тихомирова И.А. құттықтау сөзің айтты.
Жетекшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, халқыңыздың құрмет-қошеметіне бөлене беріңіз демекпіз.
Халық шығармашылығы және мемлекетті тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер – Ибраева А.С.