Новые спецпроекты программы "Рухани Жаңғыру"

Қ. Көшербаевқа

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы

арнайы жобалар туралы

 

Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытының аясында 13 арнайы жоба жұмыс жасауда.

Қолданыстағы жобаларға талдау – сараптау жұмыстары барысында кейбір жобалар өз миссияларын толық орындауы немесе қаржыландыру мәселесіне байланысты біріктірілуі мен қысқарту туралы ұсынымдар дайындалуда.

Сондай-ақ бағдарламаның әлі орындалмаған Прагматизм, Сананың ашықтығы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы бағыттары бойынша жаңа арнайы жобалар дайындалды.

Сіздің назарыңызға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы «Рухани жаңғыру» қоғамдық институтының жасаған арнайы жобаларының тұжырымдамасын ұсынамын.

Арнайы жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау, жаңа құндылықтарды қалыптастыру және бағдарламаны одан әрі дамыту мақсатында жасалды.

«Үнем – қоғам қуаты» жобасы – прагматикалық мінез-құлықты қалыптастыру, елді үнемділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеуге, «Дәстүр мен ғұрып» жобасы ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптарды жүйелеу және жаңғыртуға, «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы қоғамды құқықтық мәдениетке тәрбиелеуге, «Еңбек – елдің мұраты» жобасы елді еңбекқорлыққа тәрбиелеуге бағытталған шаралар болып табылады.

Арнайы жобалар сараптамалық кеңесте талқыланып, оң бағасын алып отыр.

 

 

Осыған орай, аталған жобаларға Сіз келісім берген жағдайда оларды әрі қарай енгізу және жаңа құндылықтарды насихаттау шаралары жүргізілетін болады.

Қарауыңызға енгізіледі.

Қосымша 5 парақта.

Ғ.Нығыметов

 

2020 жылғы 27 сәуір

Орынд. А. Мұхимов

Тел. 75-01-52