Отбасы – адам баласының алтын діңгегі

2017 жылғы 03 сәуір – 28 сәуір аралығында  «Әлем» балалар — жасөспірімдер орталығында отбасы күніне орай  «Жас Ұлан» ББЖО отряды оқушыларының арасында «Танысыңыздар, бұл менің обасым!» атты альбомдар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: отбасы құндылықтары мен ұрпақ арасындағы байланысты сақтай отырып, «Мәңгілік Ел» қазақ халқының ұлттық рухани идеясын түсіндіру.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  тегін айтпаса керек. Бұл альбомдар байқауында  бірнеше номинация болды. Олар:«Біз –Жеңістің шөберелеріміз!», «Қазіргі отбасының құндылықтары», «Біздің әулетіміз…..!», «Әкем, шешем және мен спорттық отбасы», «Отанның тарихы – отбасының тарихы» атты тақырыптар қарастырылды.


Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы болып  саналатындықтан бұл байқауға  «Жас Ұлан» ББЖО ұйымының 10 оқушысы өз отбасының құндылықтары мен тарихи толғаныстарынан сыр шертіп, спорттың өмірдегі маңыздылығы туралы отбасылық суреттерінде көрсетіп, өздерінің жанұясындағы өмір белестері туралы жазды.

Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. «Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ» — демекші осы баспалдақтардың жанұядағы өмірінің ерекшелігін еркеше айқындап көрсеткен «Біз жеңістің шөберелеріміз!» атты номинациясы бойынша «№31  ЖББОМ» КММ  оқушысы  Ерофеев Константин мен  «Отанның тарихы –отбасының тарихы» атты номинациясы бойынша  «Әйелдер гимназиясы» КММ оқушысы  Шустик Маргарита бас жүлдені жеңіп алды. Ал « №4 ЖББОМ» КММ,  «№8 ЖББОМ» КММ, «№19 ЖББОМ» КММ, «№28 ЖББОМ» КММ оқушылары І орынды қанжығаласа, «№6 ЖББОМ» КММ оқушысы ІІ орын иеленді. «№10 ЖББОМ» КММ мен «№9  мектеп – лецейі» КММ оқушылары ІІІ орынды  алды.

Байқауға қатысқан барлық оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды.

                         Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.