ҚР Президенті жариялаған Балалар жылы аясында және «Әлем» балалар- шығармашылығы орталығының 55 жылдығына арналған іс –шаралар өткізілуде.
18 мамыр 2022 жылы «Әлем» БЖШО «Талапкер» тіл дамыту орталығының тәрбиеленушілеріне жетекшісі Кунтуган К. осы оқу жылының есеп беру іс –шарасы ретінде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты зияткерлік ойыны өткізді.
Тәрбиеленушілер ойынның әр кезеңіне белсене қатысып, қазақ тілінде алған білімдерін жан – жақты көрсетті. Зияткерлік ойынның соңында топтың тәрбиеленушілеріне арнайы сертификаттар тапсырылды.