2016 жылғы 10 маусымда «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығындағы «Жаз – 2016» атты жазғы алаңында «Туристік соқпақтар» ойыны өтті.
«Салауатты өмір салтын қолдаймыз, туристік ойындарды ойнаймыз» – деп бар құлшыныстарымен белсенділік танытып қала мектептерінен мектеп жанындағы жазғы лагерден он екі топ қатысты.
«Спорт – денсаулық кепілі» – демекші бұл туристік ойынға Теміртау қаласынан сағат 10.30 – да «ДЮЦ» Әлемнен «Миркл» үйірмесі және «№24ЖББОМ» КММ, «№22 ЖББОМ» КММ, «№16ЖББОМ» КММ, «№6 ЖББОМ» КММ, «№10ЖББОМ» КММ. Сағат 12.00 – де «№19 ЖББОМ» КММ, «№5 ЖББОМ» КММ, «№15 ҚГМ» КММ, «№11ЖББОМ» КММ, «№2ЖББОМ» КММ, «№31 ЖББОМ» КММ оқушылары белсене қатысты.
Атылмыш іс – шараның негізгі мақсаты мектеп жанындағы жазғы лагердегі балалар мен жасөспірімдердің белсенділігін арттыра отырып, салаутты өмір салтын ұстанып, туризім туралы көпшілікке насихаттау.
«Адамның денсаулығы – қоғамның байлығы» – дегендей бұл ойын алты аялдамадан тұрды. Ойын басталмай тұрып әр топ өз ұрандарын айтып таныстырды. Барлық қатысушы топтар белсене қатысып, өздерін көрсете білді. Бұл туристік ойын «Горзинат» клубымен бірге ұйымдастырылды.
Әр аялдамада сайын мұғалімдер тұрып 5 балдық жүйеде бағалады.
Уақытты үнемдемп, жылдамдық пен шеберлікті ерекше ұстанып, көзге түскен «№24 ЖББОМ» КММ, «№19 ЖББОМ» КММ, «№31 ЖББОМ» КММ, «№ 11 ЖББОМ» КММ және «ДЮЦ» Әлемнен «Миркл» үйірмесінің оқушылары.
Туристік соқпақтар ойыны балалар үшін өте қызықты әрі естен кетпес күннің бірі болды. Қорытындысында І – орынды «ДЮЦ» Әлемнен «Миркл» үйірмесінің оқушылары және «№24 ЖББОМ» КММ, «№19 ЖББОМ» КММ, «№31 ЖББОМ»КММ, «№11 ЖББОМ» КММ.
ІІ – орынды «№ 6 ЖББОМ» КММ, «№16 ЖББОМ» КММ, «№15 ҚМГ» КММ, «№ 5 ЖББОМ» КММ, «№2 ЖББОМ» КММ, «№10 ЖББОМ» КММ.
ІІІ – орынды «№22 ЖББОМ» КММ оқушылары иеленді.
Туристік соқпақтар ойынына қатысудың өзі әр оқушының спорттық шеберлігін дамытып, денесін шынықтырып, өмірге деген белсенділігін арттырады. Ойынның соңында барлық қатысушы топтарға тәтті сыйлықтар мен мадақтама қағаздар тапсырылды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.