«Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында 24-30 желтоқсан аралығында, қала мектептерінің оқушыларына арналған «Бәрі де жақсы болады!» жаңа жылдық ертеңгіліктер мен би кештері өтуде. Ертеңгілік барысында балалар ертегі әлемінің түрлі кейіпкерлерімен бірге сиқырлы әлемге аттанып, шытырман оқиғалардың кәугерлері болады. Әр түрлі ойындар ойнап, ән тыңдап, би билейді. Ертеңгілік «Керемет» әдеби-театралдық студияның жетекшісі Мамитова Б.К.-ның арнайы дайындаған әзірлемесі бойынша жүргізіліп, кейіпкерлерді студияның жас актерлері сомдайды. Сонымен қатар «Мирас» вокалды аспапты ансамбілі (Шаймерденова К.Ж., Кайрашова Р.С., Абдырахман Қ.Б.) мен «Балдәурен» (Хусаинова А.Х.) вокал топбының өнерпаздары жаңа жылдық әсем әндерімен қонақтарымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Жаңа жыл әр отбасына береке, бірлік, ынтымақ, ырысымен құтты болсын!
Әдіскер Бельгибаева Б.Т.