Ақтау кенті әкімдігінің Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырған “Халық бірлігі – ел жетістігі” тақырыбындағы 20 номинация бойынша өткізілген үздіктерді таңдау сайысы өз мәресіне жетті. Кенттегі “Әлем” балалар-жасөспірімдер орталығы атынан аламанға қатысқан “Жас қалам” әдеби үйірмесінің жетекшісі Каракыз Мая өз саласы бойынша “Үздік қосымша білім педагогі” номинациясын жеңіп алды. Құттықтаймыз! Еңбекте толағай табыс, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз???