Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған “Дала думан” әдеби-сазды кеші өтті.

“Әлем” балалар-жасөспірімдер орталығы МКҚК “Керемет” әдеби-театралды студиясы мен “Балдәурен” вокалдық тобының ұйымдастыруымен 17-наурыз күні Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара өттті.Кештің барысында әсем ән айтылып,тәтті күй шырқалып,мың бұралған би орындалды.Наурыз мерекесінің барлық айшығын ашатын өлең жолдарын нақышына келтіріп,мәнермен көрермен назарына жеткізген- “Керемет” әдеби-театралдық студиясының шәкірттері.Әсем әнмен кешті өрнектеген “Балдәурен” вокалдық тобының күміс көмей әншілері.Мың бұралған әсем билерімен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған,кеш қонақтары “Шолпы” би ансамбілі.(Жетекшісі-Қапбарова Гүлмира Кентаевна).Домбырадан күміс күйді күмбірлеткен 2 балалар музыка мектебінің шәкірттері (Жетекшісі -Баилова Меруерт Қанатовна).Кешті “Қазақтай ел қайда?!” әнімен “Кереметтің” жетекшісі Мамитова Баян Кенжебаевна ашты.Кештің нүктесін “Жастар гимні” әнімен “Балдәуреннің” жетекшісі Хусаинова Алтынай Хапасқызы қойды.Ұлыстың Ұлы мейрамына арнайы өткізілген шараның жастар үшін тәрбиелік маңызы өте зор.

Б.К.Мамитова