2016 жылғы 15 сәуірден – 29 сәуірге дейінгі аралықта «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядының оқушыларының арасында «Мен соғыс туралы не білемін?» атты тақырыпта шығарма байқауы өтті.
Бұл аталған шығарма байқауының негізгі мақсаты балалар мен жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің деңгейі мен сапасын арттыру. Ардагерлер мен аға буын өкілдерінің еңбегіне құрмтпен қарап, жеңістің қадір –қасиетін түсініп, жастардың бойынан азаматтық жауапкершілік пен борышты сезіне білу қабілеттерін қалыптастыру.
«Кімде – кім халқынан алмаса тәлім, оны үйрете алмас ешбір мұғалім» – деп Жүсіп Баласұғын бабамыз айтқандай тарихи толғаныстардың өткен күндерімен сырласып, бүгінгі күн сол сұрапыл жылдардың жемісі мен жеңісінің нәтижесі екенін байқауға қатысқан Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінен «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымының 39 оқушы жан – жақты талқылап жазды.
Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген ұлы күн – деп әсерлене жазған №8 ЖББОМ 8 «А» сынып оқушысы Рахымбаева Гульзат, №10 ЖББОМ 9 «А» сынып оқушысы Азоваская Евгения.
Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Биыл Ұлы Жеңіске – 71 жыл. Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер – бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек. Осындай тарихи белестерді бастан кешкен Қазақстанның Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толады. Ашық аспанда бейбіт өмір сүрген елміздің болашағына нақ сенніммен қадам басуына ұйтқы болған ата – бабаларымызды біз әрқашан мақтан тұтамыз деп жазады №12 ЖББОМ 7 «А» сынып оқушысы Жунусува Александра, №8 ЖББОМ 9 «Ә» сынып оқушысы Сагинбаева Аружан, № 17 ЖББОМ 9 «Б» сынып оқушысы Дроздова Екатерина Олеговна.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! – дегендей бүгінгі жас буын өткен тарихи оқиғаларды мәңгі жадында сақтап, қадірлеп – қастерлей білсе нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, біз өз еліміздің бүгінгі жастарына үлкен сенім артамыз. Олар өз елінің өткені мен келешегін салыстыра отырып, өз ойларын осы шығарма байқауында көрсете білді.
«Ұлы жеңіс – ұлы жетістікке жетелейді» – дегендей бұл шығарма байқауына №3 ЖББОМ, №5 ЖББОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9 М-ЛКММ, №10 ЖББОМ, №11ЖББОМ, №12ЖББОМ, №17 ЖББОМ, №19ЖББОМ, №22ЖББОМ, №23ЖББОМ, №24ЖББОМ, №27ЖББОМ, №28ЖББОМ, №29ЖББОМ, №15 қазақ – мектеп гимназиясы, қалалық гимазия және әйелдер гимназиясының белсене қатысқан оқушылары мен мектеп тәлімгерлеріне алғысымыз шексіз.
Ешқашан жауынгерлер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру. Осындай мақсатпен өткізілген шығарманың қорытындысында барлық қатысушылар І, ІІ, ІІІ – орын иеленіп мақтау қағаздармен марапатталды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.