«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында «1 желтоқсан –Тұңғыш Президенті» күніне арналған «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты қалалық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға жіберілген жұмыстардан орталықтың холында көрме ұйымдастырылды. Қаламыздың және Ақтау кентінен 17 мектебінің 46 оқушысы қатысты.
Орталықтың көрермендер залында аз қамтылған отбасылардың балаларына ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада «Балдәурен» вокал тобы, «Миркл» эстрадалық ән театры, «Бэби шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясы, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамбілі, «Силуэт» сән театрының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.
Орталықтың үйірмелерінде атаулы мерекеге байланысты тәрбие сағаттары өткізіліп, қаламыздың мұражайларына саяхаттар ұйымдастырылды.
«Әлем» БЖО» МКҚК халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер: Б.Т.Бельгибаева