Теміртау қаласының «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тіл – баға жетпес мұра» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Бұл сайыста № 1 ЖББОМ, № 4 ЖББОМ, № 5 ҚОМ., № 7 ЖББОМ, № 9 қазақ лицейі, № 10 ЖББОМ, № 12 ЖББОМ, №15 қазақ-гимназиясы, №19 ЖББОМ, №24 ЖББОМ, № 29ЖББОМ, №31 ЖББОМ , «Әйелдер гимназиясы» және өз орталығымыздың «Золотой микрофон», «Свой голос» үйірмелерінің 5-11 – сынып оқушылары бақ сынасты.
Сайыс шарты бойынша оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл, отан, табиғат жайында және Теміртау қаласының -70 жылдығына арнаған өз шығармаларын оқыды.
Өнерпаздарымызға Мәдениет және тілдерді дамыту орталығының маманы Рымгалиева Куралай Рымгалиевна, Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының ағылшын тілі мұғалімі Кошаева Асель Еренхановна, «Әлем»БЖО бас әдіскері Винокурова Оксана Викторовна мен ағылшын тілі мұғалімі Султанова Лейла Имангазамовна мәнерлеп, жатқа, дұрыс айтуын және әртістік шеберліктерін ескере отырып , бағалады.
Әділқазылардың шешімі бойынша 5-7 сынып оқушылары аралығында І орынды Ергенова Жанар № 5 ҚОМ. Седышева Елизаветта «Золотой микрофон» үйірмесі, Мозгова Валерия №7 ЖББОМ, Уажип Назерке №29 ЖББОМ иеленсе, 8-11 сынып оқушылары арасында Темиров Мухамеджан №4 ЖББОМ, Жубикен Лаура №10 ЖББОМ,Тихонова Анна «Әйелдер гимназиясы», Мынбаева Наргиз №10 ЖББОМ, Зиядова Айтадж №19 ЖББОМ иеленді.
Меркелік іс-шараның соңы «Балдәурен», «Мирас», «Миркл» вокал топтарының орындауында концерттік бағдарламаға ұласты.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева