28 қыркүйекте “Әлем” балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында аяулы ұстаздардың, қазынамыз қарттарымыздың және сүйікті құрыш қаламыздың туған күніне орай мерекелік кеш өтті. Кеш барысында орталығымыздың шығармашылық ұжымдарының тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, Теміртау қ. Білім бөлімінің басшысы Казтаев Рахат Қайратович мерекемен құттықтады. Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы атынан Бикмухаметова Маргарита Владимировна, қалалық білім беру қызметкерлерінің ардагерлер қауымдастығының төрағасы Афонина Зоя Алексеевна ардагер ұстаздарға сыйлықтар табыстады. Және де “Ангел мой” АҚ-ның жетекшісі Папова Нина Анатольевна игі тілегі мен өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебінің педагогі Шмалько Павел Константинович ұстаздарға ән шашуларын арнаса, «Sunny» еріктілер орталығының тәрбиеленушілері кешті ұйымдастыруға қолғабыс жасады. Мереке Құтты болсын!