29 сәуірде «Әлем» БЖШО «Жас Ұлан» мүшелері арасында дебат ойынанан сайыс өтті. Бүгінгі ойында балалар
1. Жасөспірімдердің құқықтары шектелу керек.
2. Балаларға газдалған сусын ішуге рұқсат етілмейді.
3. Дене жазасы мектептерде рұқсат етілу керек.
4. Мектептерде зиянды тағамдарға тыйым салынуы керек.
Тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, пікірталасты .
Ойын қортындысы бойынша қазақ лигасында 1орынды “31 ЖББМ”КММ, 2 орынды “Алихан Бөкейхан атындағы гимназиясы”КММ, 3 орынды “8 ЖББМ” КММ оқушылары иеленді. Орыс лигасында 1 орынды “24ЖББМ”КММ, 2 орынды “21ЖББМ”, 3 орынды “31 ЖББМ”КММ мен “3 ЖББМ” КММ жеңіп алды.
Дебат Теміртау қаласы білім бөлімі және «Аманат» партиясымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Сайыскерлерге «Аманат» партиясының демеушілігімен кубоктар, медальдар және сыйлықтары табысталды.