27 ақпан күні «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Керемет» әдеби студиясының тәрбиеленушілері (жетекшісі Б.К. Мамитова) Саран қаласында өткен аймақтық Жайдарман «Орта Азия Университеті ректорының кубогы» ойынында өнер көрсетіп, І орынды иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясын жас өнерпаз Қанатов Алиби жеңіп алды. Студия тәрбиеленушілерін жеңісімен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыруға тілектеспіз.