«Әлем» балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» мерекелік бағдарламасы және «Қауіпсіз жаз», «Менің бақытты отбасым» байқауларының марапаттауы өтті. Мереке барысында «Силуэт» сән театры, «Мұрагер» аспапты студиясы, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамбілі, «Мирас» вокалды ансамбілі, «Керемет» әдеби студиясы, «Бэби Шлягер» үлгілі балалар эстрадалық ән-би студиясы, «Асыл» қазақ би ансамбілі, «Миркл» ән-би театры өнер көрсетті. Барлық ұжым жетекшілеріне алғыс айтамыз. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!