Өмірде жан екенсің қия алмайтын
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.
Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын –
деп Сырбай Мәуленов жырлаған
ұлтымыздың ұлы перзенттерінің бірі, асылымыз Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойының шеңберінде Теміртау қаласының «Әлем» БЖО –да 9-11 сынып оқушыларының арасында, Теміртау қаласының «Әлем» БЖО КМҚК ұйымдастыруымен «Сакен рухына тағзым» атты байқау өтті. Шараға демеушілік қолдау көрсеткен «Жастармен жұмыс жөніндегі орталық» KММ.
Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру. С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Байқауда оқушылар ақынның поэзиялық, прозалық шығармаларынан үзінді оқып, әндерін орындады.
Байқау барысында ақынның артында қалған мол мұрасының бүгінгі заман үшін де айтары, берер өнегесі мен көрсетер жолдары жетерлік екенін тағы бір дәлелдегендей болды.
Байқауда № 2,4,5,8,10, 15 мектептері мен «Әлем»БЖО «Жас тілші» үйірмесінің тәрбиеленушілері бақ сынасты.
Байқауға қатысушылардың өнерлерін Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығының бөлім меңгерушісі және «Құрыш қала» газетінің директоры Анарбеков Жандос Еркінұлы, қалалық әдістемелік бірлестік жетекшісі Алшимбаева Баян Төлеукешқызы, «Жастармен жұмыс жөніндегі орталық» KММ әдіскері Жұбатова Нұргүл Сатбекқызы, Мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, қаламызда белгілі әнші Сахаба Айбек сарапқа салды.
Әділқазылардың сараптауынан соң, байқау қорытындысы бойынша сайыскерлерге мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Байқауға қатысушыларды дайындап келген мұғалімдердің еңбегі алғыс хатпен
«Сыр сандықты ашып қара» номинациясы бойынша І орынды №15 ОМ оқушысы Абдунабаева Маржан, ІІ орынды «Әлем»БЖО «Жас тілші» үйірмесінің тәрбиеленушісі Кенжебек Жанерке, ІІІ орынды № 5 ОМ оқушысы Салтанмурат Ризагүл жеңіп алды.
«Тар жол тайғақ кешу» номинациясы бойынша І орынды № 5 ОМ оқушысы Түгелбай Айкен, ІІ орынды №4 ОМ оқушысы Бухарбаева Диана, ІІІ орынды №10 ОМ оқушысы Жандаулетова Айдана иеленді.
«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» номинациясы бойынша І орынды №5 ОМ оқушысы Жұмақан Мақсат, ІІ орынды №5 ОМ оқушысы Сембі Салтанат, ІІІ орынды №10 ОМ оқушысы Әбдірақым Алуа қонжығасына байлады.
С.Сейфуллиннің көзі тірісінде бастаған ісі, қалдырған мұралары, еңбектері, айтқан нақыл да өткір сөздері қазіргі жастарға рухани байлық, таусылмас қазына болып саналады. Қазақ үшін, елінің тәуелсіздігі үшін, зор еңбек еткен, күрескерлерімізді ұмытпайық, ағайын!
Теміртау қаласының «Әлем» БЖО КМҚК-ның халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскері Б.Т.Бельгибаева.