«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында, қала мектептерінің бастауыш сынып қыз балаларының арасында «Кішкентай ханшайым-2015» атты байқау болып өтті.
Байқауға қаламыздың 7 мектебінен келген бастауыш сыныптарының қыз балалары бақтарын сынады.
Түрлі әшекейлермен әсемделген,әдемі көйлек киген сұлуларымызды ханзадалар («Эдельвейс» спорттық билер студиясының тәрбиеленушілері) сахнаға алып шыға келгенде, еріксізден есіңе ертегілер ханшайымы оралады. Өздерін таныстырудан бастаған олар, сән үлгісін, өз өнері мен шеберлігін көрсетіп, бойларындағы қабілеттерін әділқазылар мен жиналған қауымға паш етті.
Балауса балғындардың өнерлерін Теміртау қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Утегалиева Нұргүл Кайржановна, «Керемет» әдеби-театр студиясының жетекшісі Какибаева Гаухар Калитовна, «Бэби-шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясының жетекшісі Помазай Олеся Анатольевна, «Силуэт» мода театрының жетекшісі Миронова Марина Олеговна, «Өнер» ұлттық қолданбалы шығармашылық үйірмесінің жетекшісі Шрайманова Эльмира Ульжагалиевна сарапқа салды.
Әділқазылар алқасы шешімдерін қабылдағанша, «Балдәурен» вокал тобының, «Миркл» эстрадалық ән театры, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің өнерпаздары ән айтып, би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнерлерімен тәнті етті.
Қорытындысында «Бас жүлде» екі оқушыға бұйырып, № 4 ЖББОМ оқушысы Шарипова Нұрғаным «Кішкентай ханшайым-2015» және № 27 ЖББОМ оқушысы Кравченко Мария «Маленькая принцесса-2015» атақтарына ие болды. Қалған қатысушылар №5 ҚОМ оқушысы Касенова Аяна «Көрікті ханшайым», №10 ЖББОМ Ажгалиева Асел «Сүйкімді ханшайым», №15 қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Жуманалиева Эльмира «Шебер ханшайым», №7 ЖББОМ оқушысы Кастырина Варвара «Принцесса Очаравание», №21 ЖББОМ оқушысы Назарова Мария «Принцесса Обаяние» номинацияларына лайық деп табылып, барлық ханшайымдарға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева