2016 жылғы 27 мамырда «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтары оқушыларының арасында «Қалқан» спорттық – туристік ойыны өтті.
Бұл іс – шараның негізгі мақсаты сау адамның физикалык және рухани тұрғыда қалыптасуы үшін, болашақта туған өлкесі мен елінің болашағына өз тағдырын нық байланыстыра білетін және Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін қорғай алатындай жағдай жасау.
«Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы» – демекші бұл аталмыш спорттық – туристік ойынға Теміртау қаласынан «№3 ЖББОМ» КММ, «№4 ЖББОМ» КММ, «№6 ЖББОМ» КММ, «№11 ЖББОМ» КММ, «№10 ЖББОМ» КММ, «№12 ЖББОМ» КММ, «№14 ЖББОМ» КММ, «№15 ҚГМ» КММ, «№17 ЖББОМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ, «№27 ЖББОМ» КММ оқушылары белсене қатысты.
«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек бұл спорттық – туристік ойын сегіз аялдамадан тұрды. Ойын басталмай тұрып әр топ өз ұрандарын айтып таныстырды. Барлық қатысушы топтар белсене қатысып, өздерін көрсете білді. Уақытты үнемдемп, жылдамдық пен шеберлікті ерекше ұстанып, көзге түскен «№24 ЖББОМ» КММ, «№14 ЖББОМ» КММ, «№6 ЖББОМ» КММ, «№ 4 ЖББОМ» КММ, «№15 ҚГМ» КММ оқушылары.
Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де спорттық – туристік ойынның нәтижесінде денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Осындай спорттық – туристік ойынның қорытындысы бойынша
І орынды «№12 ЖББОМ» КММ, «№14 ЖББОМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ 6сынып оқушылары жалса, ІІ орынды «№4 ЖББОМ» КММ, «№11 ЖББОМ» КММ, «№ 15 ҚГМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ (5 сынып оқушылары) иеленді. ІІІ орынды «№ 6 ЖББОМ» КММ ( 5 сынып пен 6 сыныптан келген топтар) және «№ 10 ЖББОМ» КММ, «№17 ЖББОМ» КММ келген топтар иеленді. Барлық қатысушы топтарға мадақтама қағаздар тапсырылды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.