«Әлем» Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Керемет» әдеби студиясының тәрбиеленушілері (жетекшісі Б.К.Мамитова) 26 сәуір күні Қарағанды қаласында өткен Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы аясындағы «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Іріктеу кезеңнің қорытындысы бойынша студия тәрбиеленушісі Алдамұратов Ержан маусым айының басында Бурабайда өтетін «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестиваліне жолдама жеңіп алды. «Керемет» әдеби студиясын шын жүректен құттықтаймыз!!!