Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды…

Көктемнің алғашқы күндерінде «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған фото көрме ұйымдастырылды.

Бұл көрмеде орталықта жұмыс істейтін әйелдер қауымының және орталықтың үйірмелерінде тәрбиеленіп жүрген балалардың өз аналарымен, әжелерімен түскен суреттері көпшіліктің назарына ұсынылды.Қызғалдақ әсем гүлдердей құлпырған ханымдардың бейнесінің жиынтығынан жасалған көрме көктемгі шуақты күндей арайланып, өте тартымды болды.

Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған, бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. Аталмыш шара «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» деген қанатты сөзді тағы да бір дәлелдегендей болды.

Құрметті аяулы аналар, ару қыздар! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Сіздерге зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!

Халық шығармашылығы және мемлекетті тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер

Бельгибаева Ботагөз Толеубаевна