2020 жылдың 17 сәуірінде «Балалар академиясы» және «Балдырған» тұлғаны дамыту орталығының оқытушылары онлайн конференция өткізіп, онда қашықтықтан оқытудың үздіксіз білім беру тәжірибесімен бөлісті. Олар қашықтықтан білім беру барысында Google classroom оқу платформасын таңдағанын айтып, жұмыс барысында туындаған қиындықтарға тоқталды. Осындай сәттерді жеңудің жолдары туралы айтты. Әрине, қорыта келгенде, оқушылардың мұғалімдермен кері байланысы туралы айтылды. Қашықтан оқыту форматын жан-жақты қарастырып, барлық кері байланыс материалдары мен оқушылардың жетістіктерін талдай отырып, «Балалар академиясы» ТДО педагогтерінің осындай кезеңде ала алмайтын қамалы жоқ екенін анық айта аламыз.