2018 жылдың 18 қазанында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласының мектептерінің тәлімгерлері мен педагогтеріне «Балалар қоғамдық бірлестіктерінің әлеуметтік кеңістік жүйесіндегі педагогтің орыны мен рөлі» атты семинар өтті. Бұл семинарды Қарағанды қаласының балалар мен жеткіншектер сарайының арнайы мамандары келіп жүргізді.
«Балалар қоғамдық бірлестігі шеңберінде іс-шараларды жоспарлау» тақырыбы бойынша Шкарупин Василий Дмитриевич теориялық және тәжірибелік дәріс берді.
Іс шараларды жоспарлау бойынша тренингтер ойын түрінде екі тілде жүргізілді. Қазақ тобында Садвакасова Нурбике Муратовна тәлімгерлердің нормативтік құжаттарын жан – жақты түсіндіріп өтсе, орыс тобында Шумячкин Евгений Семенович әр түрлі ойындарды жұмыста қолдану жөнінде және тәлімгерлердің міндеті туралы толық мәлімет берді.
Ал осы семинарда Абильдин Рустам Валиевич «Квиз» атты ауқымды ойын өткізді.
Семинар өте қызықты әрі тартымды болды. Аға тәлімгерлерге жұмысқа қажетті көптеген ақпарат берілді. Мектеп тәлімгерлері мен педагогтері ойын арқылы бір – бірімен пікірлер алысып, тәжірибемен бөлісті.
Семинардың соңында қатысқан 27 тәлімгер мен педагогтерге арнайы сертификаттар тапсырылды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.