Бақытты отбасы

«Әлем» балалар менжасөспірімдер орталығында  2019 жылдың 23 сәуірден 15 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Отаным-тағдырым» кіші бағдарламасын жүзеге асыру  барысында Теміртау қаласының «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран»  ББЖО арасында «Бақытты отбасы» атты бейнетаспа байқауы болып өтті.

Байқауды өткізу мақсаты  өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойына отбасы құндылықтарын терең сіңіру, ұрпақ арасындағы байланысты сақтау.

Бұл іс-шараға қаламыздың мектептерінен 11 мектеп қатысты: №1 ЖББОМ,  №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9  мектеп-лицейі, №10 ЖББОМ, №15 ҚМГ, №17 ЖББОМ, №19 ЖББОМ, №21 ЖББОМ, №22 ЖББОМ, №31ЖББОМ.

Байқауға қатысқан бейнетаспаларды мұқият тексере келе әділқазылардың шешімімен

І орынға – №19 ЖББОМ- нен Дегтяровтардың отбасылық бейнетаспасын лайық деп таныды. Жүлделі ІІ орынды  №21 ЖББОМ-нен Циммер отбасылық бейнетаспасы жеңіп алды. ! орынды  №9 мектеп-лицейінің Күншашовтар отбасы мен №22 ЖББОМ Вишнивецкая отбасыларының бейнетаспалары ие болды. Осы байқауға қатысқан басқа да  мектептерге белсене ат салысқаны үшін қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздары  табысталды.

Балалар мен жастар қозғалысының әдіскері Күнтуған К.