2018 жылғы 26 сәуір күні «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мен «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтарының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Достығымыз жарасқан ел» атты ұлттар мәдениет жәрмеңкесінің фестивалі өтті.
Бұл мәдениет жәрмеңкесі фестивалінің негізгі мақсаты жастарды азаматтық –патриотыққа тәрбиелеу, халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған біздің еліміз үшін бұл ұлттар мәдениет жәрмеңкесі фестивалінің орны ерекше. Олай болса, Теміртау қаласынан барлығы 15 мектептің «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтарының 180 мүшесі белсене атсалысты.
Аталған шараны өткізу барысында әр мектептен келген шығармашылық топ өзі таңдаған ұлттың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын насихаттап, тарихи толғаныстарынан қысқаша сыр шертсе, интеллектуалдық топ өздеріне қойылған әрбір сұрақтарға іркілмей мұқият жауап беруге тырысты.
Бұл іс- шараға арнайы шақырылған қонақтар ҚМИУ «Қазақстан халықтары Ассамблеясының» – кафедра меңгерушісі, философия ғылымының докторы Семенова Татьяна Викторовна, «Кореяна» кәріс этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Цой Вера Алексеевна, поляк этно-мәдени орталығының өкілі Оспанбекова Ғайни болды.
Іс-шара өткізуде белсенділік танытып, өздерін ерекше көрсете білген «№1 ЖББОМ» КММ, «№2ЖББОМ» КММ, «№5 ҚОМ» КММ, «№6 ЖББОМ» КММ, «№8 ЖББОМ» КММ, «№23 ЖББОМ» КММ, «№11 ЖББОМ» КММ, «№ 14 мектеп – лицейі» КММ, «№15 қазақ мектеп гимназиясы» КММ, «№19 ЖББОМ» КММ, «№ 27 ЖББОМ» КММ, «№24 ЖББОМ» КММ, «№31 ЖББОМ» КММ, «Әйелдер гимназиясы» КММ келген «Жас Ұлан» ББЖҰ мүшелері мен аға тәлімгерлеріне алғысымыз шексіз.
Фестивальдің соңында қатысқан барлық топтарға «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мен «Әлем» БЖО» МКҚК атынан арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды.
Балалар мен жастар қозғалысы орталығының әдіскері: Кунтуган К