«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында, Тұңғыш Президент күнінің құрметіне Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің бастауыш сынып оқушыларының арасында «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты шығармашылық байқау болып өтті.
Байқауда оқушылар тақырыпқа байланысты суреттер, макеттер және коллаждар жасады. Жұмыстар орталықтың холлына ілініп, көрме ұйымдастырылды.
Жас өнерпаздардың жұмыстарын «Әлем» БЖО әдіскері Бельгибаева Б.Т., «Колорит» студиосының жетекшісі Колганова Е.Л., орталықтың суретшісі Рожкова Л.В. сараптап, бағалады.
Іс-шараның қорытындысында жетекші мұғалімдер мен қатысқан оқушыларға Теміртау қ. Білім беру бөлімінің мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Балғындардың еңбектерінен өз еліне, Елбасына деген сүйіспеншіліктері, мақтанышы және құрметтері мен сенімдері айқын көрінеді.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева