Жазиралы Қазақстан – татулықтың құт мекені

 Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі шеңберінде Теміртау қаласының «Әлем » Балалар-жасөспірімдер орталығында  «Қазақстан жазиралары» атты байқау болып өтті.

Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие бере отырып, өз елінің жерін, табиғатын білуге, мақтан тұтып, қорғай білуге бағытталған байқауға қала мектептерінің 8-10 сынып оқушыларынан құрылған топтар қатысты.

Төрт  бөлімнен тұрған сайыстың бірінші кезеңінде оқушылар өз топтарын таныстырса, екінші кезеңде Қазақстанның  табиғаты бейнеленген бейне жазбалар, слайдтар көрсетіп,өз Отанының тылсым сырға толы таңғажайып табиғатын, жерін қаншалықты білетіндерін ортаға салды. Сайыстың үшінші кезеңі де өте қызықты, тартымды болды. Бұл кезеңде оқушылар Қазақстанның жер атаулары бойынша аңыздардан театрландырылған  қойылымдар көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлай отырып, көп мағлұмат жеткізе білді. Ал байқаудың төртінші кезеңінде оқушылар «Орфей» клубының мүшесі  Юрий Викторович Ходаревтың гитара сүйемелдеуімен   бірге  әндер орындады.

Сайыскерлердің өнерлерін Теміртау білім беру бөлімінің әдіскері Сейдахметова Гульнар Сакеновна, «Горизонт» туристік клубының жетекшісі Пунченко Людмила Владимировна, «Әлем» БЖО әдіскері Винокурова Оксана Викторовна,  «Орфей» клубының мүшесі Ходарев Юрий Викторович сараптады.

Әділқазылардың шешімі бойынша  І орынды №14 ЖББОМ, ІІ орынды №15 ҚМГ, №8 ЖББОМ және №6 ЖББОМ, ІІІ орынды №7 ЖББОМ мен  №11 ЖББОМ оқушылары иеленді.

Теміртау қаласының жастармен жұмыс орталығы демеушілік  көрсетіп, оқушыларды дайындаған жетекші мұғалімдерге, сайыскерлерге мадақтамалар мен сыйлықтар  ұсынды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Бельгибаева Ботагөз Толеубаевна