Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің сауықтыру алаңдарында демалып жатқан балалардың арасында «Жаз ханшайымы – 2015» байқауы болып өтті.
Сайысқа әдемі, талантты, көңілді 8 балауса қыз қатысты. Олар: № 4, 6, 9,11, 19, 24, 27 мектептерінің арулары.
Ханшайымдарға бірнеше белестерден өту үшін, өздерінің таланттарын, қабілеттерін, білімдерін спортқа икемділігін және көңілді жазды бейнелейтін коллаж жасау шарт болды.
Байқауды №17 ЖББОМ оқушысы Төлеубаев Асылжан мен орталықтың мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Родвальд Екатерина Владимировна жүргізіп, орталықтың «Балдәурен» және «Миркл» вокал топтарының тәрбиеленушілері өз өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әділқазылардың шешімі бойынша №9 мектеп –лицейінің оқушысы Жумагалиева Аяулым «Жаз ханшайымы – 2015» және №27 ЖББОМ оқушысы Кулакова Анастасия «Принцесса лето-2015» атақтарын жеңіп алды. Басқа балғындарға өз икемділіктеріне қарай номинациялар тағайындалды.
Байқау соңында қатысушыларға арнайы мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Сайысқа оқушы дайындаған тәрбиешілерге де еңбектері үшін «Алғыс хат» берілді.
Халық шығармашылығы және қазақ тілін насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева