«Күз кереметі» көрме-байқауы өтті

Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК – де «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері арасында 20.10.-27.10.2023 жыл аралығында «Күз кереметі» көрме-байқауы өтті.
Бұл байқаудың мақсаты қатысушылардың шығармашылық әлеуетін анықтап, жандандыру және кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аталмыш көрме-байқауға Теміртау қаласы және Ақтау кенті мектептерінен 93 оқушы қатысты. Олар өздерінің таланттарын, шығармашылық ерекшеліктерін жан-жақты көрсете білді.
Әділ қазылардың ұйғаруымен жеңімпаздар анықталды. І, ІІ, ІІІ орындар тағайындалды.