2018 жылы 16 мамыр күні «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінің аға тәлімгерлеріне «Рухани бағдарламасы» аясында мектеп жанындағы жазғы лагерді ұйымдастыру туралы семинар өтті.
Мектеп жанындағы лагерлерде балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасау тәрбиешілер мен тәлімгерлердің басты міндеті болып табылады. Олай болса, бүгінгі семинарға қаламыздың мектептерінен 24 аға тәлімгері белсене атсалысты.
Бұл семинардың басты мақсаты – жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және бос уақыттарын қамту мәселелерінде ақпараттық-әдістемелік көмек беру. Сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Бүгінгі семинарда «№1 ЖББОМ» КММ аға тәлімгері Роянова Любовь Константиновна «Балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын қамтамасыз ету» мәселесі бойынша балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру туралы кеңінен мағұлмат беріп таныстырды.
Осы жазғы ларгерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен еліміздің жүрегі Астана қаласының 20 жылдығына орай іс – шараларды жоспарға кіргізу туралы айтылды. Сонымен қатар «№8 ЖББОМ» КММ аға тәлімгері Нуржанова Джана Урымбаевна мен «№24ЖББОМ» КММ аға тәлімгері Котов Алексей Владимирович өздері істейтін мектеп жанындағы жазғы лагердің жоспары мен күн тәртібімен қатар екі апта бойы балалар спорттық, туристік, экологиялық бағыттағы үйірмелермен қатар ән, би, актерлік шеберлік, бейнелеу тағы басқа үйірмелерге белсене қатысатынын айтып өтті. Қаламыздағы мұражайға, кинотеатрға, саябаққа және демалыс орындарға саяхатқа апаратындарында тілге тиек етті.
Осы семинарға «Арнайы мектеп-интернат» КММ тәрбие ісінің меңгерушісі Лобанова Елена Андреевна жазығы сауықтыру лагерінде балалармен ойын элементтерін қалай өткізу туралы мәлімет беріп, бірнеше ойын жүргізді.
Семинарға қатысушылар демалыс уақытында бос уақытты ұйымдастыру жүйесінде жаңаша тәсілдерді іздеу, сондай-ақ жазғы демалыста қандай іс – шаралар қамтамасыз етуде тәжірибелерімен бөлісті.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.