2017 жылдың 12 желтоқсанында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығы» МКҚК Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтарының 7 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нысандары мен рәміздерін танып білуге бағытталған зияткерлік ойын өткізді. Бұл ойынға Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінің оқушыларынан құрылған 17 топ, барлығы 85 оқушы белсене атсалысты.
Атап айтсақ, №1ЖББОМ, №2ЖББОМ, №3ЖББОМ, №4ЖББОМ, №5 ҚОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9 мектеп – лицейі, №10ЖББОМ, №11ЖББОМ, №15 ҚМГ, №16ЖББОМ, №19 ЖББОМ, №20 мектеп – лицейі, №29 ЖББОМ, №1 қалалық гимназиясы, әйелдер гимназиясы.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады
Олай болса, бұл мемлекеттік нысандары мен рәміздерін танып білуге бағытталған зияткерлік ойынның шарты үш кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең «Отан туралы тақпақ» байқауы болса, екінші кезеңі «Рәміздер мен нысандар тарихы» – рәміздер салынған плакатты қорғау. Ал үшінші кезеңінде Қазақстан Республикасының нысандары мен рәміздері бойынша сұрақтар болды.
«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» дегендей бұл зияткерлік ойынға қазылар алқасы болып тағайындалған «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының «Әлем» БЖО МКҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі Винокурова Оксана Викторовна, «Эдельвейс» спорттық-би клубының жетекшісі Осипова Оксана Александровна, Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер Кунтуган Гүлжан .
Мемлекеттік рәміздерге биік мәртебе береді, сондықтан да мемлекет адамдарға Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу еліміздегі азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімі қалыптастырады. Олай болса, бүгінгі байқаудың қорытындысында І орын ды «Әйелдер гимназиясы» КММ мен « №1 қалалық гимназия» КММ – ден келген топтар жеңіп алды. Ал ІІ орынды «№5 ҚОМ» КММ, «№4 ЖББОМ» КММ, «№8 ЖББОМ» КММ, «№29 ЖББОМ» КММ келеген топтар қанжығаласа. ІІІ орынды «№1 ЖББОМ» КММ, «№2 ЖББОМ» КММ, «№15 ҚМГ» КММ, «№20 мектеп – лицейі» КММ және «№9 мектеп – лицей» КММ – нің оқушыларына бұйырды. ІҮ орынды «№3 ЖББОМ» КММ, «№11 ЖББОМ» КММ, «№16 ЖББОМ» КММ, «№19 ЖББОМ» КММ – ден келеген топтар иеленді.
Байқауға қатысқан барлық топтар және оқушыларды дайындаған мұғалімдер «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К