«Мирас» вокалдық-аспаптық ансамблі есеп беру шығармашылық концертін жоғары деңгейде өткізді

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 16 мамыр күні, «Мирас» вокалдық-аспаптық ансамблі (жет. Шаймерденова Қ.Ж.,Кайрашова Р.С., Әбдірахман Қ.Б.) есеп беру шығармашылық концертін жоғары деңгейде өткізді. Әуезді әнмен әуелеген мерейлі концерте үйірмелердің қазіргі таңдағы тәрбиеленушілерімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылып, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтар мен түлектер өз жылы лебіздері мен игі тілектерін білдіріп, ән шашуларын жолдады. Өнерпаздар жиналған жұртшылықтың жүрек қылын шертер әсем әндері мен күйлерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында «Әлем» БЖО»КММ мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна құттықтау сөзің айтты.
Жетекшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, халқыңыздың құрмет-қошеметіне бөлене беріңіз демекпіз.

«Мирас» вокалдық-аспаптық ансамблінің мұғалімі Кайрашова Р.С.