2018 жылы 11 – 15 мамыр аралығында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядының
5 – 6 сынып оқушылары мен «Жас Қыран» ұйымының оқушыларының арасында
« Танысыңыздар, бұл менің отбасым!» атты альбомдар байқауы өтті.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отаным – тағдырым» кіші бағдарламасын жүзеге асыру барысында жастардың бойына азаматтықты, патриоттықты дамытуға, рухани – адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға, кәсіби маңызды қасиеттерді және дағдыларды, жұртшылықты өмір, қоғам, әртүрлі салаларында белсенді атсалысуға баулу. Отбасы құндылықтары мен ұрпақ арасындағы байланысты сақтау.
Олай болса, бұл байқаудың ережесі бойынша мына тақырыптар қарастырылды: «Біз -Жеңістің шөберелеріміз!», «Қазіргі отбасының құндылықтары», «Біздің әулетіміз…..!».
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас.
Ендеше бұл сайыста әр тақырып бойынша оқушылар ізденіп өз отбасының құндылықтары мен тарихи толғаныстарынан сыр шертіп, отбасылық суреттерінде көрсетіп, өздерінің жанұясындағы өмір белестері туралы жазды.
Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. «Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ» — демекші осы баспалдақтардың жанұядағы өмірінің ерекшелігін еркеше айқындап көрсеткен «Біз жеңістің шөберелеріміз!» атты номинациясы бойынша №8ЖББОМ 3 «А» сынып оқушысы Сафия Санжарқызы ІІ орын болды. Ал №19ЖББОМ 6 «А» сынып оқушысы Замирова Жасмин мен №23 ЖББОМ 6 «А» сынып оқушысы Свиридова Анна І орынды қанжығалады. «Біздің әулетіміз…..!» атты номинациясы бойынша №9 мектеп – лицейінің 5 «А» сынып оқушысы Сарсенбаева Аида ІІ орын иеленді. «Қазіргі отбасының құндылықтары» атты тақырып бойынша №8ЖББОМ 3 сынып оқушысы Исламбеов Еркебұлан ІІ орын, №6 ЖББОМ 6 «Б» сынып оқушысы Кан Алина және №14 мектеп –лицейінің 2 сынып оқушысы Выродова Анастасия І орын иеленді. Сонымен қатар №28 ЖББОМ 5 сынып оқушысы Жукова Мария, №11ЖББОМ 6 «А» сынып оқушысы Отыкало Елизавета мен №32 ЖББОМ 8 «А» сынып оқушысы Седова Ксенияға ІІІ орын бұйырды.
Байқауға қатысқан барлық оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.