Рәміздерім – мақтанышым

ҚР Президенті жариялаған Балалар жылы аясында және «Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 55 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілуде. В рамках Года детей, объявленного Президентом РК и в честь 55-летия в центре детско-юношеского творчества.

Теміртау қ. “Білім бөлімі”ММ, “Әлем” БЖШО” КМҚК және “Шығыс” мәдениет және демалыс сайбағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай “Рәміздерім – мақтанышым” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста Теміртау қаласы мен Ақтау кенті оқушылары патриоттық бағыттағы тақырыптарда өлең оқыды.

Мерекелік іс-шара салтанатты түрде ашылып, мемлекпттік гимн орындалды. Іс- шара барысында “Мирас” ВАА тәрбиеленушілері (жет.Қайрашова Р.С.) өнер көрсетті.