«Табысты елдің табысты балалары мен педагогтары» жобасы жалғасуда.
Бүгін “Әлем” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының 3 пен 16 жас аралығындағы қыздарға арналған, жас, әрі қарқынды дамып келе жатқан “Асыл” қазақ халық би ансамблі туралы айтқымыз келеді. Ансамбльдің жетекшісі- жас, болашағы зор қосымша білім беру педагогы Тлепова Толкын Дулатқызы
-Шәкірттерімнің бойына эстетикалық тәрбие беріп, өнерге, сұлулыққа, бидің ұмытылмас бастауларына баулуға тырысамын. Бұл ансамбльдің ерекшелігі-хореографияны қазақ тілінде оқыту. Ансамбль түрлі бағыттарда, атап айтар болсақ: жас өспірімдерге арналған қазақ, халық және заманауи хореография бағыттарында жұмыс істейді. Сабақ бағдарламасына ритмикалық және партерлік гимнастика, қазақ және классикалық би негіздері, станокта және залдың орта бөлігінде жаттығулар жасау кіреді. Біз жас ансамбль болғанымызбен, жетістіктеріміз аз емес.
Фестивальдар мен байқауларға тұрақты түрде қатысу “Асыл” ансамблінің шәкірттерін шыңдап, әртістік өнерін дамытып, кәсіби өсуіне серпін береді. Толқын Дулатқызының шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары.
Олардың арасында:
«Би керуені» қалалық байқау-фестивалі
«Биші қайың» облыстық фестиваль-байқауы
«Ғажайып күн шуағы» қалалық фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін марапатталды.
Қазақ билері арасында “Бұран бел” облыстық фестиваль-байқауында 2 орынды иеленді.
“Шаг вперед” жетінші республикалық би байқауында 1 орынды (кіші топ), 2 орынды (орта топ) иеленді.
Ұстаз бен жас бишілерге өркендеу мен шығармашылық табыс тілейміз!!!
Процветания и творческих успехов педагогу и юным танцовщицам!!!