Теміртау қаласы Білім бөлімі мен “Әлем” БЖШО Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырды

Теміртау қаласы Білім бөлімі мен “Әлем” БЖШО Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырды. Кеште орталығымыздың “Антрэ” үлгілі би ансамбілі, “Бэби шлягер” үлгілі балалар эстрадалық ансамбілі, “Б.Момышұлы атындағы МЛ” КММ , 2 Балалар музыкалық мектебі халық аспаптар ансамбілі тәрбиеленушілері мен Ғалымжан Мұхтарқожаұлы бастаған 21 ЖББМ мұғалімдер хоры өнер көрсетті. Кештің жүргізушілері “Қыздар гимназиясы” КММ мұғалімі Бахиев Мади Махсутұлы мен 1 қалалық гимназия мұғалімі Арекова Ажар Байгалиевна. Кеш әзірлемесін жазғандар Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна мен Бисембаев Данияр Бахытбекович. Шараның өтуіне ат салысқан барлық әріптестерімізге алғыс айтамыз.

,