«Тіл – баға жетпес мұра»

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында 2017 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тіл – баға жетпес мұра» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыста №1 ЖББОМ, №2 ЖББОМ, №3 ЖББОМ, №4 ЖББОМ, №5 ҚОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9 қазақ лицейі, №10 ЖББОМ, №11 ЖББОМ, №15 қазақ-гимназиясы, №16 ЖББОМ, №19 ЖББОМ, №21 ЖББОМ, №23 ЖББОМ, №27 ЖББОМ, №29 ЖББОМ, №31 ЖББОМ, «Т.Әубәкіров атындағы гимназиясы», «Әйелдер гимназиясы», Ақтау кентінің «БЖШО» МКҚК» «Жас қалам» үйірмесі және өз орталығымыздың «Керемет» үйірмелерінің 5-7 сынып оқушылары бақ сынасты. Сайыс шарты бойынша оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл, отан, табиғат жайында белгілі ақындардың және өз шығармаларын оқыды.

Сайыскерлерді «Әлем» БЖО МКҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі Винокурова Оксана Викторовна, «Талапкер» тілдер орталығының жетекшісі Күнтуған Кулжан, «Контакт» ағылшын тілі мектебінің педагогі Коваленко Наталья Владимировна мәнерлеп, жатқа, дұрыс айтуын және әртістік шеберліктерін ескере отырып, бағалады.

Әділқазылардың шешімі бойынша 5, 6 сынып оқушылары арасында қазақ тілінде өлең оқыған оқушылардың ішінде І орынды Ербол Бірғаным №4 ЖББОМ, Аникин Максим «Т.Әубәкіров атындағы гимназиясы», ІІ орынды Ким Милана №11 ЖББОМ, Тағайбекова Жазира №8 ЖББОМ, ІІІ орынды Балташ Айсәні №23 ЖББОМ, Адильбекова Нурсипат №9 ЖББОМ, Батяй Владимир №1 ЖББОМ, 7 сынып оқушылары арасында І орынды Асилбекова Ақниет №5 ҚОМ, Қуанған Арайлым №29 ЖББОМ, ІІ орынды Қалдыбекова Маржан №2 ЖББОМ, Нурбекова Аружан «Керемет» үйірмесі, ІІІ орынды Кобут Алика №21 ЖББОМ, Батырқызы Ақмарал «Жас қалам» үйірмесі, Берікбаев Дінмұхамед №15 қазақ-гимназиясы, ағылшын тілінде өлең оқуда 5 сынып оқушылары арасында І орынды Бухарбаева Жазира № 4 ЖББОМ, ІІ орынды Спрыжков Максим №19 ЖББОМ, Кириченко Оксана №3 ЖББОМ, ІІІ орынды Линьков Никита №16 ЖББОМ, Нурсеитова Аяулым №8 ЖББОМ, 6,7 сынып оқушылары арасында І орынды Молотовская Дарья «Т.Әубәкіров атындағы гимназиясы», ІІ орынды Кусаинов Арман №27 ЖББОМ, ІІІ орынды Ерсайнов Ерхат №29 ЖББОМ, Сайдильдин Арыстан №5 ҚОМ, Камбарбекова Каусар №10 ЖББОМ, 5,6 сынып оқушыларының арасында орыс тілінде оқығандардан І орынды Малай Владислав №27 ЖББОМ, ІІ орынды Романова Ольга №10 ЖББОМ, Павлов Андрей №1 ЖББОМ, ІІІ орынды Ивашин Дмитрий №23 ЖББОМ, Сорокин Андрей №6 ЖББОМ, Асембекова Макпал №21 ЖББОМ, 7 сынып оқушылары арасында І орынды Толовова Эрика «Т.Әубәкіров атындағы гимназиясы», ІІ орынды Бектибаева Балкен №5 ҚОМ, ІІІ орынды Абаназиди Анна №3 ЖББОМ, Фомина Анастасия №19 ЖББОМ, Кабдулина Томирис №16 ЖББОМ иеленді.

Меркелік іс-шара барысында «Мирас» вокал тобының тәрбиеленушілері Тайлаков Айдос, Нуриден Назар, Жұлдыз Меней және Амангельдинова Сабина ән шашуларын жолдады және «Керемет» үйірмесінің тәрбиеленушісі Жеңісбекова Айгерім «Жетімнің монологі» атты тақпақты оқыды.

Сайысқа қатысқан оқушылар «Теміртау қаласы білім беру бөлімі»ММ мадақтама қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен, оқушыларды дайындаған мұғалімдердер «Әлем» БЖО алғыс хаттарымен марапатталды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік
тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер
Ибраева Асем Сабитовна