«Әлем» БЖО 22 қараша 2018 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен орталық педагогтары танысты

«Әлем» БЖО 22 қараша 2018 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен орталық педагогтары танысты. Бұл мақала  бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Айта кетсек, Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады.

Біріншісі «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Онда Елбасы қазақта киелі саналатын жеті қазынаның жеті қырын тәптіштеп айтып, мән-мағынасын ашып түсіндіреді. Әсіресе, текті жануар жылқыға кеңірек тоқталыпты. Сондай-ақ, қазақтың тылсым табиғаты назардан тыс қалмады. Ал мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырманы жүктеді.

Президент біздің тариxқа көптеген әртүрлі ұлт өкілдері еңбек сіңіргенін нақтылап айтты. Яғни бұл негізінен идеологиялық мәселе. Міне, осы маңызды болып табылады. Біз өзіміз үшін айқындалып алумен қатар бар әлемге xабар бердік. Кім екендігіміз және қандай бағытпен дамитындығымыз жөнінде. Бұл дәл уақытында көтерілген мәселе. Бұл жерде тағы бір маңызды тұсы бар. Біз кім екендігімізді танып қана қоймаймыз, оны ары қарай зерттейміз. Алдымызда Көптеген тариxи жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр.