“Әлем “БЖШО” “Керемет” әдеби-театралдық студиясы мен “Шаңырақ” дебат клубының шәкірттері өз жетекшілерімен 14.02.2023 жылы Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” КММ №3 кітапхана-филиалында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына байланысты өткен музыкалық кешке қатысып қайтты

“Әлем “БЖШО” “Керемет” әдеби-театралдық студиясы мен “Шаңырақ” дебат клубының шәкірттері өз жетекшілерімен 14.02.2023 жылы Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” КММ №3 кітапхана-филиалында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына байланысты өткен музыкалық кешке қатысып қайтты. Кеште Теміртау қаласының №2 музыкалық мектебінің шәкірттерінен құрылған ұлт-аспаптық оркестрі Құрманғазының күйлерін орындады. Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебінің шәкірттері домбырамен ән шырқады.”Әлем” БЖШО қосымша білім беру педагогы Баян Кенжебаевна Мамитова Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығынан қызықты мәліметтер келтірді.Қонақ кәде ретінде Сәкеннің әні “Тау ішіндені” шырқап, кеш қонақтарына жақсы көңіл сыйлады. Кешке ат салысқан барлық ұстаздар мен балалар кітапхана тарапынан алғыс хатпен марапатталды.