2016 жылдың 01 наурызында Теміртау қаласының білім беру бөлімі және «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Ана өмір шуағы» атты фестиваль болып өтті.
1 наурыз – Алғыс айту күні мен Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шарада қала мектептерінің оқушылары аналарымен бірге ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті.
Мерекелік кеште орталықтың «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблі, «Миркл» эстрадалық ән театры, «Силуэт» сән театрының тәрбиеленушілері де аналар қауымына өнерлерін арнады.
Шара барысында Әйелдер гимназиясының оқушысы Панфилова Екатерина анасы Анастасия Владимировнамен, «№11 ЖББОМ»КММ оқушысы Пархоменко Дарья анасы Татьяна Александровнамен, «№15 ҚМГ»КММ оқушылары Бекмурзаева Асем мен Нұрайлым анасы Абдуллаева Майрамен, «№27 ЖББОМ»КММ оқушысы Помазай Феликс анасы Олеся Анатольевнамен, «№8 ЖББОМ»КММ оқушысы Оңдасын Жанерке анасы Казимова Айнурмен, «№6 ЖББОМ»КММ Поливка Полина анасы Светлана Анатольевнамен, «№21ЖББОМ» КММ Мажит Гульнұр анасы Сайдалина Гульсаниямен және « №3 ЖББОМ»КММ оқушылары Воль Амнат,Мадина,Милана, Розолина әжелері Тамара Андреевнаның шырқаған әсем әндері, «№ 17 ЖББОМ»КММ оқушысы Кемесариева Гулстан мен анасы Нысанбаева Мақпалдың өзбек биі, «№8 ЖББОМ»КММ Оңдасын Жанерке мен анасы Казимова Айнурдың орындауындағы қазақ биі көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, шаттыққа бөледі.
Кез келген адамның бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды. Осындай іс шараға баласымен бірге атсалыса қатысқан аналардың еңбектері бала тәрбиесіне жағымды ықпал етері сөзсіз.
Бар көңілін балаға арнаған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болуларыңызды тілейміз! Мереке құтты болсын!
Халық шығармашылығы және мемлекетті тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Бельгибаева Ботагөз Толеубаевна