2016 жылғы 22 сәуірде «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы мен «Қазақстан» дүкенінің территориясында «Жас Ұлан» ББЖҰ «Таза қала» акциясын өткізді.
Бұл аталған іс – шараның негізгі мақсаты қаламыздың ең ластанған аумағын тазартып, жасөспірімдердің экологиялық мәселелерге белсене ат салысып, елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану – қоғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілгенін түсіндіре отырып, әрбір адамның парызы ретінде жалпы – мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылатынын насихаттау.
«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» – дегендей экологиялық акцияға Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен барлығы 19 мектеп белсене қатысты.
Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында екенін біздің оқушылар ең бірінші ұрандарын айтып, презентация қорғауда жан – жақты талқылап түсіндіріп өтті. Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей – жай қарамай қоқыс – қалдықтарын кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажеттігін де талқылады. Жалпы қоғамның назарына қала көшелерінің тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор екенін насихаттады.
«Тазалық – денсаулық кепілі» деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт – береке де болмайтынын түсінген жасөспірімдер аула тазалауға белсене ат салысып барлық мектептен келген топтар өздеріне бөлінеген жерлерді бар ынталарымен тазартты. «Ауылына қарап, азаматын таны» деп осыдан айтылған емес пе? Осындайда қоғамдық іс – шарада өздерін өте жақсы көрсете білген №2 ЖББОМ, №3 ЖББОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ , №10ЖББОМ, №11 ЖББОМ, №12 ЖББОМ,№14 ЖББО, №15 қазақ мектеп – гимназиясы, №17 ЖББОМ, №19 ЖББОМ, №23 ЖББОМ, №24 ЖББОМ, №27 ЖББОМ, №28 ЖББОМ, №29 ЖББОМ, қалалық гимназиясы, әйелдер гимназиясы және №31 ЖББОМ –тің оқушыларына алғысымыз шексіз.
Аула тазалығы біткен соң әр мектептен келген топтарға аялдама ойыны ұйымдастырылды. Барлығы тоғыз аялдамада әр түрлі тапсырмалар беріліп, қызықты ойындар өтті.
«Таза қала» атты акцияның соңында барлық белсене қатысқан мектептің оқушылары І орын және ІІ орынды иеленіп мадақтама қағаздарымен марапатталды. Оқушыларды акцияға дайындаған тәлімгерлерге де ризашылық пен алғыс айтылды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.