Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің сауықтыру алаңдарында демалып жатқан балалардың арасында «Жаз Аруы – 2015» байқауы ұйымдастырылды.
Байқауды №17 ЖББОМ оқушысы Төлеубаев Асылжан мен орталықтың мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Родвальд Екатерина Владимировна жүргізді.
Сайысқа әдемі, талантты, көңілді 8 қыз бала қатысты. Олар: № 2, 6, 10, 11, 19, 22, 24,27 мектептерінің арулары.
Сайыскерлерге бірнеше белестерден өту үшін, өздерінің таланттарын және қабілеттерін, көңілді жазды бейнелейтін коллаж жасау,білімдерін және спортқа икемділігін сайыста көрсете білу шарт болды.
Сайыс барысында орталықтың «Балдәурен» және «Миркл» вокал топтарының тәрбиеленушілері өз өнерлерімен көрермендерді тәнті қылды.
Аталмыш байқауда орталықтың әдіскері Бельгибаева Б.Т. «Эдельвейс» спорттық би клубының жетекшісі Осипова О,А. Психолог Ходарева И.М. «Детская академия» тұлғаны дамыту орталығының мұғалімі Остапенко Е.П. «Калинка» орыс әндері ансамблінің жетекшісі Горный Ю.А төрелік жасап, «Мисс лето -2015» номинациясын №27 ЖББОМ оқушысы Кравченко Мария және «Жаз аруы -2015» атағын №2 ЖББОМ оқушысы Бадулаева Расима жеңіп алды. Басқа аруларға «Мисс Веселое лето», «Мисс Зажигательное лето», «Мисс яркое лето», «Мисс Улыбчивое лето», «Мисс Нежное лето» , «Мисс Прекрасное лето» номинациялары берілді.
Сайыстың қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Балаларды сайысқа дайындап алып келген тәрбиешілерге елеулі еңбектері үшін «Алғыс хат» берілді.
Халық шығармашылығы және қазақ тілін насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева