2019 жылы 3-мамыр күні «Менің Елбасым» атымен Еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы тұлғасына арналған Қазақстан халқы бірлігі күні аясында «Жасұландар» күні «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері келешекке нық қадам басып, өз Отанының патриоты болып, болашаққа деген сеніммен ерекше бір сезімге бөленіп, қатарға қабылданды.
Олай болса, Теміртау қаласы мен Ақату кентінің мектептерінен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 341 мүше қосылса, «Жас Қыран» ұйымының қатары 335 баламен толықты.
«Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарын толықтырған мектептер: №2 ЖББОМ, №3 ЖББОМ, №4 ЖББОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, № 9 мектеп – лицейі, № 10 ЖББОМ, №14 мектеп – лицейі, №17 ЖББОМ, № 20 мектеп – лицейі, № 21 ЖББОМ, №22 ЖББОМ, №27 ЖББОМ, №28 ЖББОМ, №31 ЖББОМ, Әйелдер гимназиясы, №1 қалалық гимназия.
Бұл мерекелік іс – шараға арнайы қонақтар қатысты. Олар қаламыздың ардагерлер мүшесі Вах Е.М., Линькова Т.П., ауған ардагерлері Арещенко С.И., Исаков А.А., Саганаев С.М., Теміртау қаласының білім бөлімінің әдіскері Хамаева Қ.Қ.
Салтанатты іс – шарада «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің тәрбиеленушілері «Балбырауын» биін билеп, «Мирас» аспапты-вокалды ансамбілі мен «Миркл» эстрадалық әндер театрының квартетінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеріп, көптің қошеметіне кенелді.
Біз ұйымның қатарына қосылған жас достарымызға оқуда озат, көңілді, сәтті, бақытты өмір, әрқашан алдыңғы қатарда болуға сәттілік тілей отырып, келешектің кемел кілтін, жарқын болашақтың туын нық ұстап, еліміздің еңселі ұлы мен қызы болуларына тілектеспіз!
Балалар мен жастар қозғалысы орталығының әдіскері: Кунтуган К.