2018 жылғы 12 желтоқсан күні «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында қаламыздың мектеп оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатырына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басты мақсаты болып табылады.
Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен мектептерінен «Жас Қыран» ұймының қатарына 333 оқушы қосылса, «Жас Ұлан» ұйымның қатарына 359 мүше қабылданды.
Соның ішінде «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Жас қыран» ұйымының қатарына салтанатты түрде №17 ЖББОМ – тен 26 бала, ал №9 мектеп – лецейінен 52 балала қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына № 24 ЖББОМ, №10 ЖББОМ, №14 М-Л және №9 М-Л барлығы 116 бала қатарға қосылды.
Бұл мерекелік іс – шараға арнайы қонақтар қатысты. Олар қаламыздың ақсақалдар алқасының мүшесі Жалғасова Шәмсібану Бірәліқызы және ардагерлер кеңесінің мүшесі Каркач Фриз Ибрагимовна, Полещук Ирина Фадеевна, ауған ардагерлері Глагольеву Владимиру Сергеевич, Алтыбаев Мурат Негметович сонымен қатар еңбек ардагері, педагог Ковалева Любовь Владимировна, Апасова Светлана Ивановна, Теміртау қаласының білім бөлімінің құқық тәрбие жөніндегі әдіскер Нұржанова Пилла Жақсылыққызы ұйымның қатарына қосылған оқушыларды сәттілік тіліп, құттықтап, төс белгілерін тағып, галстук байлау рәсіміне өз үлестерін қосты.
Салтанатты іс – шарада «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің тәрбиеленушілері «Балбырауын» биін билеп, «Мирас» вокалды – аспаптар ансамбілінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеріп, көптің қошеметіне кенелді.
Салтанатты шара «Туған Отанымызды мақтаныш етумен бірге, оның мақтан тұтар ұландары болуға ұмтылу – сіздердің перзенттік парызыңыз» – деген Елбасының сөзімен аяқталды.
Бүгінгі «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қосылған оқушыларға тілеріміз еліміздің еңселі де білімді азаматтары мен азаматшалары болыңыздар!
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган Кульжан