2018 жылғы 11 желтоқсан күні Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтары 7 сынып оқушыларының арасында «Мұражай өткен өмір айнасы» атты іс – шара өтті.
Бұл іс – шараға Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен 20 мектептің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатарынан 100 оқушы белсене қатысты.
Жасөспірімдерге мұражай таусылмас қазына және өткен мен болашақтың жалғастырушысы екенін түсіндіру басты мақсатымыз болды.
Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында сағат 11.00 – де орыс мектептері, ал сағат 12.00 – де қазақ мектептерінің оқушылары әр залдың тарихымен танысып, шежіресінен сыр шертіп, маңызды мағлұматтар алды.
Атап айтсақ, әр залдың өз атауы бар. Олар: Тәуелсіз Қазақстан, өз заманының перзенті, тұлғаның ерен қабілеті, Қазақстанның құрыш келбеті, уақыт ағымында, Қазақстан жолы.
Осы ұйымдастырылған іс – шараның ерекшелігі екі мектептің оқушылары бір залдың тақырыбын бөліп алып, өздері баяндап, қатарластарына дұрыс жеткізіп, сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу және мәдениттелікті сақтай білуді насихаттау.
Атап өтетін болсақ, №6 ЖББОМ, №29 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №2 ЖББОМ, №5ҚОМ, №20 М-Л, №17ЖББОМ, әйелдер гимназиясының оқушылары көрерменнің көңілінен шығып, өздерінің ойын еркін жеткізе білді.
Іс – шараға қатысқан барлық топтар және оқушыларды дайындаған тәлімгерлер «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК алғыс хаттарымен марапатталды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.