Теміртау қаласының «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы» мен «Білім беру бөлімінің» ұйымдастыруымен 8 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Республикамыздың биік құндылықтары» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында адамгершілік, рухани құндылықтар мен патриотттық сезім қалыптастыру. Талантты жас дарындарды анықтау. Елінің рәміздерін, жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын айтумен басталды. Байқау барысында оқушыларға «Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздері» тақырыбына арналған бейнеролик көрсетілді.
Бұл бейнероликтің негізгі идеясы – мемлекеттік рәміздердің мемлекеттің мызғымас негізі және атрибуттар ретіндегі мазмұнын ашу, сондай-ақ шығу тарихын баяндау.
Шара барысында «Мирас» вокалды-аспаптық ансамбілінің өнерпаздары мерекелік ән шашуларын арнады.
Байқауға қала мектептеріндегі сауықтыру алаңында демалып жатқан 11 бала қатысып, бағын сынады.
Жас суретшілер «Бірлік пен үміттің нышаны», «Менің Отаным-Қазақстан», «Бір шаңырақ астында», «Мен бақытты баламын» тақырыптарында суреттер салды.
Әділқазылар алқасы үміткерлердің талабын, идеялық ерекшелігін ескеріп, әр оқушыға тиесілі бағасын берді.
Атап айтар болсақ, І орынды №17 ЖББОМ оқушысы Полосухина Арина, №19 ЖББОМ оқушылары Шляхова Таисия, Костроченко Лаида, Щур Дарья, №2 ЖББОМ оқушысы Оразбек Перизат, ІІ орынды №2 ЖББОМ оқушысы Айдаров Еркебулан, №15 ҚМГ оқушылары Мұхамедқызы Аяулым, Алдамуратова Ақниет, ІІІ орынды №4 ЖББОМ оқушысы Кенжетай Айбын, №15 ҚМГ оқушысы Мұратбек Айжанар, №2 ЖББОМ оқушысы Асанова Аяулым иеленді.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мадақтамалар және сыйлықтар табысталды.
Балаларды дайындаған жетекші мұғалімдердің де еңбектері ескеріліп, марапатталды.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер
Ботагөз Толеубаевна Бельгибаева